kz

Жылытқыш коктейльдер рецептілері

Жылытқыш коктейльдер рецептілері

Әркімнің жақсы көңіл-күй рецептері бар, бірақ Curtis ең сиқырлыларын біледі! Дәмді сусындарсыз жайлы кеш бола ма? Біз сіздермен жылытатын коктейльдердің рецептерімен бөлісеміз, мұнда негізгі ингредиенттердің бірі - хош иісті Curtis шай пирамидасы. Өзіңізге ұнайтын нұсқаны таңдап, өнер туындысын сомда!

Рецепт 1. Жүзім пуншы

250-300мл (1 үлес) «Жүзім пуншы» сусынын дайындау үшін қажет:

Curtis lsabella Grape — 1 пирамида

Драшын — 1/2 таяқша

Зімбір — кішігірім тілік

Гүлшетен — 2 см

Апельсин – 1/2 дөңгелек

Құрақ қанты — 1 текше

 

Қалай дайындау керек:

Стаканға Curtis шай пирамидасын, дәмдеуіштер, гүлшетен және апельсин дөңгелегінің 1/2 бөлігін саламыз. Ыстық су (98-100 С) құйып, 5 минутқа тұндырып қоямыз. Уақыт өткен соң, пирамиданы алып, талғамға сай қант қосамыз.

 

Рецепт 2. Жидек сиқыры

250-300мл (1 үлес) «Жидек сиқыры» сусынын дайындау үшін қажет:

Curtis Blue Berries Blues — 1 пирамида

Балғын жалбыз — 2 жапырақ

қызғылт бұрыш — үйілмеген 1 шай қасық

Құрақ қанты — 1 текше

 

Қалай дайындау керек:

Стаканға CURTlS шай пирамидасы мен жалбыз саламыз. Ыстық су (98-100 С) құйып, қызғылт бұрыш қосамыз және мұқият араластырамыз. 5 минутқа тұндырып қоямыз. Уақыт өткен соң, пирамиданы алып, талғамға сай қант қосамыз.

 

Рецепт 3. Лимон глинтвейні

1 үлес 250-300мл (1 үлес) дайындау үшін қажет:

Curtis Sunny lemon – 1 пирамида

Балғын жебіршөп – 1-2 бұтақша

Бадьян жұлдызшасы – 1/3 жұлдызша

Құрақ қанты – 1 текше

 

Қалай дайындау керек:

Стаканға шайы бар пирамиданы, жебіршөп пен бадьян саламыз. Бәріне ыстық су (98-100 С) құйып, 5 минутқа тұндырып қоямыз. Уақыт өткен соң, пирамиданы алып, талғамға сай қант саламыз.

 

Рецепт 4. Мандарин мохитосы

1 үлес 250-300мл (1 үлес) дайындау үшін қажет:

Curtis Fresh Mojito – 1 пирамида

Гүлшетен – ½ бұтақшалары

Мандарин – 1/4 бөлігі

Құрақ қанты – 1 текше

 

Қалай дайындау керек:

Стаканға шайы бар пирамиданы, гүлшетеннің жарты бұтағын және мандариннің ¼ бөлігін саламыз. Бәріне ыстық су (98-100 С) құйып, 5 минутқа тұндырып қоямыз. Уақыт өткен соң, пирамиданы алып, талғамға сай қант саламыз.

Curtis коктейльдерімен жылын!

Сондай-ақ оқыңыз
Шайдағы кофеин: шындық немесе ойдан шығарылған Шайдағы кофеин: шындық немесе ойдан шығарылған
Кофеин біздің көңіл — күйімізді қалай көтереді және денеге пайдалы ма-біздің мақалада.
Oқыңыз
Дәм мен хош иістің көп қырлылығы Дәм мен хош иістің көп қырлылығы
Кертис шайының күрделі қоспалары туралы қарапайым сөздермен
Oқыңыз
Шайдың пайдасы туралы білуге қажет нәрселер Шайдың пайдасы туралы білуге қажет нәрселер
Бір кесе шай-бұл өзіңізбен бірге баға жетпес уақыт. Күнделікті істер тізбегінде күш, шабыт алу және жай ғана армандау үшін бір минут табу өте маңызды.
Oқыңыз