kz

Шайдағы кофеин: шындық немесе ойдан шығарылған

Шайдағы кофеин: шындық немесе ойдан шығарылған

Кофеин дегеніміз не?

Кофеин — бұл алкалоид, өсімдікте болатын, кристалл пішінді және ащы дәмі бар «сергіткіш» зат. Өсімдіктер бұл затты жапырақтары мен сабақтарын жәндіктерден қорғау үшін синтездейді.

Кофеин жүйке жүйесі үшін стимуляторы ретінде әсер етеді. Сондықтан кофе ішкеннен кейін сіз күш-қуатыңыздың артқанын және дәл қазір әрекет етуге деген ұмтылысты сезінесіз.

Шайда кофеин бар ма?

Шай құрамындағы кофеин көптеген жағдайларға байланысты:

●     Өңдеу тәсіліне. Кофеиннің ең үлкен концентрациясы ең аз өңделген шайда болады. Мысалы, көк бүршік шайда өңдеу тек кептіруге бағытталған.

●     Шай өсірілетін өңір мен жерге байланысты. Мысалы, егер шай топырағы тозған ойпатта өссе, онда шайда кофеин аз болады. Жылына екі рет өнім жиналатын тамаша, экологиялық таза биік таулы жерде өскен шайда пайдалы заттар, соның ішінде кофеин көп болады.

●     Бір кесе шайдағы кофеин деңгейі сіздің шайды қалай демдеуіңізге байланысты. Егер сіз қаласаңыз жұмыс күнінің ортасында қуат алғыңыз келсе, Curtis ұсынған Elegant Earl Grey қара шайын әдеттегіден ұзағырақ, 6-7 минут демдеңіз.

●     Жас көк және ақ шайлар, сондай-ақ сапалы шикізаттан дайындалған пуэр үлкен сергектік әсерін береді.

Шайдың әр кесесі ерекше деп айтуға болады: әрқайсысында — бірегей құрам және кофеин концентрациясы. Сонымен қатар шайдың әр түрі біздің организміміз бен көңіл-күйімізге әртүрлі әсер етеді.

Кофеин қайсысында көп: кофеде әлде шайда

200 мл көк шай құрамында 25-тен 50 мг-ға дейін кофеин болады, ал осындай көлемдегі бір кесе қара шайда 60 мг-ға дейін болады. Бұл ретте 200 мл кофеде 160 мг кофеин болуы мүмкін. Айырмашылық өте үлкен және сіз шай тәуелді етеді деп алаңдамайсыз.

Шай құрамында құрғақ шай жапырағының жалпы массасынан 2-5% кофеин бар, ал кофе 0,65 - 2,7% құрайды. Бірақ кофенің бір үлесін дайындау үшін, бізге сусын жасауда шай жапырақтарынан гөрі көп мөлшерде ұнтақталған дәндер қажет болады. Сондықтан кофеден кофеиннің үлкен дозасы қанға түседі. Айта кету керек, кофеин кофеде таза күйде болады, бұл организмнің патогенге деген жедел реакциясына кепілдік береді.

Шайдағы кофеин қалай әсер етеді?

Біздің организміміз кофеин алған кезде, адреналин өндіре бастайды. Сондықтан біз шайдан кейін аздап толқыған күйге түсеміз. Тестостерон мен дофамин гормондары да босатылады, бұл бізге жақсы көңіл-күй мен қанағат сезімін береді. Ал шаршауды бұғаттауға аденозин жауап береді.

Шай биохимияға өте бай. Шай құрамындағы теин кофеин мен таниннің ыдырауы нәтижесінде пайда болады, сондықтан шай денеге жұмсақ әсер етеді және оны күн сайын ішуге болады. Сондай-ақ танин кофеиннің сіңуін баяулатады, яғни сіз сусын ішкеннен кейін ұзақ уақыт бойы сергек боласыз.

Теин бізді шаршаудан құтқарады және «екінші тыныс» береді: ол орталық жүйке мен жүрек-тамыр жүйесін қоздырады. Бұл жағдайда шай бізге кері әсер етуі мүмкін — релаксация. Бұл көк шай құрамындағы L-теаниннің арқасында мүмкін болады. Сондықтан шай теңдестірілген диетаға өте жақсы сәйкес келеді, ал кофе тек стимулятор ретінде жұмыс істейді.

Күні бойы қалай қуат алуға болады?

Егер сіз жаман көңіл-күймен оянсаңыз, оң толқынға ауысудың дәлелденген әдісі бар. Біздің нұсқа — Curtis шайы және бірнеше минут өзіңмен-өзің болу.

Егер сізге тез көңіл көтеру қажет болса, Curtis ұсынған Curtis Groove қара шайын демдеңіз. Сізді төсектен кофеин ғана емес, сонымен қатар шырынды цитрустың хош иісі де көтереді! Екінші нұсқа — ананас тіліктері мен тропикалық манго хош иісі бар бір кесе Delicate Mango шайы.

Бұл тек сізге арналған уақыт: сүйікті тәттіңізбен шай ішіңіз, сіздің тамаша күніңіз қандай болуы керек екенін елестетіп көріңіз. Бүгінгі күнді дәл осылай ет! Әдемі оқиғалардан әсер алу саған одан сайын күш береді, сөйтіп, барлық шыңдар саған бағынады.

Сондай-ақ оқыңыз
Шайдың пайдасы туралы білуге қажет нәрселер Шайдың пайдасы туралы білуге қажет нәрселер
Бір кесе шай-бұл өзіңізбен бірге баға жетпес уақыт. Күнделікті істер тізбегінде күш, шабыт алу және жай ғана армандау үшін бір минут табу өте маңызды.
Oқыңыз
Шайды қалай дұрыс демдеуге болады Шайды қалай дұрыс демдеуге болады
Шай қайнату-бұл нағыз рәсім. Осы кезде сіз өзіңізбен және бір кесе шаймен релаксация минуттарын күтіп, өлшенгенмақты реттейсіз.
Oқыңыз
Дәм мен хош иістің көп қырлылығы Дәм мен хош иістің көп қырлылығы
Кертис шайының күрделі қоспалары туралы қарапайым сөздермен
Oқыңыз